05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №162

222 рет
көрсетілді
42 мин
оқу үшін
2015 жылғы 24 ақпан,  Астана қаласы Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекiту туралы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-11) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А.Асавбаев): 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _____________________ Б.Т.Сұлтанов 2015 жылғы 18 қыркүйек «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _____________________ Т.Дүйсенова 20__ жылғы «___» ____________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы _____________________ Әбіқаев Н.Ә. 2015 жылғы 31 наурыз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы №162 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидалар (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Қағида: 1) порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзудi; 2) кемелердiң портқа кiруiн және олардың порттан шығуын; 3) кемелердiң портта тұруын; 4) порт акваториясында кемелердiң жүзуi және тұрақта тұруы кезiнде құрылыстардың қауiпсiздiгiн және сақталуын қамтиды. 3. Кемелер теңiз порттары акваториясында және оларға кiреберiстерде жүзген және тұрақта тұрған кезде осы Қағиданың ережелерi және порт капитанының өкімі, соның ішінде Кемелердiң теңiзде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережесiн (бұдан әрi – КҚАХЕ-72) ескере отырып, порт бойынша мiндеттi қаулылар сақталады. 4. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 1) арнайы жұмыстармен айналысатын кеме – мина қаупiн жоюмен айналысатын кемелердi қоспағанда, теңiзде мұнайдың төгiлуiн жоюмен, су асты кабельдерiн жүргiзумен немесе көтерумен, навигациялық белгiлердi қоюмен немесе алумен, гидрографиялық, су асты немесе басқа да арнайы жұмыстармен айналысатын кеме; 2) кемелiк рөл – кеме келген және кеткен кездегi экипаждың саны мен құрамы туралы мәлiметтерден тұратын кеме құжаты. 3) сыртқы рейд – теңiз портына кiреберiстерде арнайы бөлiнген және кемелердiң тұрақта тұруына, қызмет көрсетуге және оларды ресiмдеуге арналған су кеңiстiгi; 4) теңiзде жүзушiлерге жiберелетiн хабарлама – навигациялық карталарды, теңiзде жүзу үшiн әдiстемелер мен нұсқауларды түзету жөнiндегi гидрографиялық деректердiң өзгерiсiн қамтитын құжат. Осы Қағидада Заңға сәйкес өзге де ұғымдар пайдаланылады. 2. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу тәртiбi 1-параграф. Жалпы ережелер 5. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу кезiнде белгiленген қозғалыс жолдарын ұстану, әскери корабльдермен және су түбiн тереңдету кемелерiмен айырылысатын жер ерекшелiктерiн ескеру және жүзу режимi туралы кемелердi хабардар ету жүзеге асырылатын корабльдердiң, брандвахталардың және жағалау посттарының ерекшелiк сигналдарын бiлу керек. Кемелердiң портқа кiруi мен порттан шығуын реттейтiн сигналдар Қағидаға 1-қосымшада көрсетiлген. 6. Егер порт капитанының өкімімен өзгеше көзделмесе, онда портқа кiретiн немесе өзен фарватерi бойынша ағысқа қарсы жүзетiн кеме ағыс бойынша жүзген немесе порттан шығатын кемеге жол бередi. Ағысқа қарсы жүзген немесе портқа кiретiн кеме: 1) басқару және маневрлеу мүмкiндiгi шектеулi болған және КҚАХЕ-72 сәйкес шамдар мен белгiлердi алып жүрген; 2) өз шөгуiмен ығыстырылған және КҚАХЕ-72 сәйкес сигналдар берген жағдайлар ерекшелiктi құрайды. 7. Қарсы бағыттардан екi кеме тар орынға, бұрылысқа немесе бiр тұстамадан екiншi тұстамаға өткен орынға жақындаған кезде осындай жерден екi кеменiң бiр мезгiлде өтуi мүмкiн болмағанда немесе қауiптi болғанда, онда басқа кемеге жол беруге мiндеттi кеме алдыңғысының одан қауiпсiз қашықтықта тұрып, бұрылуды аяқтауына мүмкiндiк беруi тиiс. 8. Тар жерлерде арнайы және су түбiн тереңдету жұмыстарымен айналысатын кемелерден алшақтау олардан еркiн өту мүмкiндiгi туралы растау алғаннан кейiн жүзеге асырылады. 9. Арнайы жұмыстармен айналысқан кемеге жақындаған кезде онымен алдын ала УҚТ бойынша байланыс орнатылады және бұдан әрi КҚАХЕ-72 сәйкес әрекет ете отырып, бұл ретте КҚАХЕ-72 сәйкес қауiпсiз қашықтық пен жылдамдықты сақтай отырып, қауiпсiз өту келiсiледi. 10. Суда қауiптi толқын көтерiлуiн болдырмау үшiн капитан алдын ала кеменiң жылдамдығын: 1) тiркеп сүйреу керуендерi мен шағын өлшемдi кемелерден алшақтағанда; 2) жүзу крандарының, дебаркадерлердiң, жүзу доктарының, қайта тиеу және басқа да арнайы жұмыспен айналысқан құю кемелердiң жанынан өткенде; 3) зәкiрде немесе қайраңда тұрған кемелердi айналып өткенде; 4) су асты, гидротехникалық және басқа арнайы жұмыс орындалатын жерден өткенде; 5) су түбiн тереңдету кемелерiн айналып өткенде; 6) айлақта, кеме бортында жұмыс iстейтiн адамдары бар салдар мен шлюпкалардың маңынан өткенде азайтады. 11. Су асты қанаттары бар кемелерге көрiнiм 5 кабельт және одан төмен болған кезде фарватерлер мен каналдар бойынша тек су ығыстырғыштық жағдайларында қозғалуға рұқсат етiледi. 12. Каналда немесе фарватерде кеменi зәкiрге қою мынадай: 1) одан әрi қозғалу анық қауiп төндiргенде; 2) техникалық бұзылу салдарынан кеме тоқтауға мәжбүр болғанда; 3) өту жолын басқа кемелер жауып тұрған жағдайда жүзеге асырылады. 13. Фарватерде және каналда зәкiрге тұруға (немесе айлақтық бағаналарға арқандап байлануға) мәжбүр болған кеменiң капитаны кемелер қозғалысын басқару орталығына (пост) бұл туралы қолда бар байланыс құралдарымен жедел хабарлауға мiндеттi. Хабарламада кеменiң атауы, кеменiң зәкiрге (арқандап байлау) қойылған уақыты, орны мен себептерi, сондай-ақ тұру ауданында қозғалыстың қаншалықты дәрежеде қиындағаны туралы мәлiметтер көрсетiледi. 14. Порт суларында кемелердi тiркеп сүйреуге басшылық етудi Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады. 15. Тiркеп сүйрету басталғанға дейiн оның басшысы тiркеп сүйреу операциясына қатысатын кемелер капитандарымен бiрлесiп, оны жүргiзу тәртiбiн келiседi. Егер тiркеп сүйреу лоцмандық алып өтумен жүзеге асырылса, онда оны жүргiзу тәртiбiн келiсуге лоцман да қатысады. Барлық туындаған мәселелер мен келiспеушiлiктердi порт капитаны шешедi. 16. Тiркеп сүйрейтiн кемелер қозғалтқыштарының қуаты мен икемдiлiк сапасы сүйретiн жүзу керуенiнiң сенiмдi басқарылуын қамтамасыз етпесе (жел мен ағысты ескергенде) тiркеп сүйреу жүргiзiлмейдi. 17. Кемелер тез тұтанатын мұнай өнiмдерiмен құйылмалы жүктелген жағдайда лагпен сүйретiп жүзу жүргiзiлмейдi, сондай-ақ бiр тiркеп сүйрегiшпен бiр уақытта мұнай өнiмдерiмен құйылмалы жүктелген бiрнеше кемелер тiркеп сүйретiлген болса, тiркеп сүйреу жүргiзiлмейдi. 18. Порт акваториясы бойынша жүзiп сынауға кеме жатқан келе жүзiп сынау ауданына осы кеменiң қауiпсiз өтуiн қамтамасыз ететiн тiркеп сүйрегiштермен алып жүрiледi. 19. Өздiгiнен жүретiн кеменi оның бортынан арқандап байлаудан босатылған жүзу құралдарымен тiркеп сүйреу жүргiзiлмейдi. 20. Тiркеп сүйрейтiн кеме тiркеп сүйретiлетiн кемедегi жұмыстан тiркеп сүйреу басшылығының командасы бойынша ғана босатылады. Тiркеп сүйрететiн кеменiң төңкерiлiп кету қаупi тiкелей төнген жағдайда ғана тiркеп сүйретiлетiн кемеден команда берiлместен тiркеп сүйреу арқаны тасталады. 2-параграф. Кемелердi мұзжарғыштармен алып өту тәртiбi 21. Қысқы уақытта теңiзде мұз жататын порттарда навигацияның басталуы мен аяқталуын Порттың теңiз әкiмшiлiгi жариялайды. 22. Мұздардан кемелердi алын өтудi, сондай-ақ мұзжарғыштар мен тiркеп сүйреу кемелерiнiң барлық басқа жұмыстарына басшылық етудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады. Порттың теңiз әкiмшiлiгi портқа кiреберiстегi мұз жағдайы туралы кемелер капитандарына хабарлайды, ал мұздан алып өтуге өтiнiм болғанда – мұзжарғышпен кездесу орнын және алып өту кезегiн хабарлайды. 23. Портта мұз арқылы кеменi мұздан алып өтуге өтiнiм еркін түрде беріледі және портта порт бастығына, ал теңiзде мұзжарғыш капитанына жолданады. 24. Порт капитанының өкімімен өзгеше мерзiмдер белгiленбесе, кеме мұз шетiне жақындағанға дейiн 48, 24, 12 және 4 сағат бұрын барлық мұзжарғышпен қамтамасыз етудiң түрлерiне еркін түрде берілген өтiнiмдер берiледi. 25. Мұзжарғышпен алып өтуге бiлiктiлiк қоғамының мұздық сыныбы, мұздан өту үшiн жеткiлiктi отын мен тағам қоры, ағаш бiлеулер, тез қататын цемент, пластырь маттар және басқалары бар кемелер жатады. Кеменiң су төгу құралдары мен кеменiң қабылдағыш радиоқондырғылар кемеде жарамды жай-күйде болуы қажет. Осы шарттар орындалмаған кезде, сондай-ақ кемеде Кеме қатынасы тіркелімі немесе бiлiктiлiк қоғамы берген жүзуге жарамдылығы туралы куәлiгi және басқа да кеме құжаттары болмаса, порт капитаны, ал мұзжарғыш порт шегiнен тысқары өткен кезде мұзжарғыш капитаны кеменi теңiзге шығарудан немесе оны портқа кiргiзуден бас тартады. 26. Мұзжарғышпен алып өткен кезде бiрiн-бiрi басып озбай, бiрiнен соң бiрi мұзжарғышқа iлеседi және дереу артқа толық шегiнiс жасауға дайын, бұл ретте руль «Тiке» жағдайында болады. 27. Мұзда мұзжарғыштың тiркеп сүйреуiнде келе жатқан кеме өз қозғалтқышын мұзжарғыш капитанының бұйрығынсыз қоспайды. Кеме мұзжарғыш капитанының алғашқы талап етуi бойынша тiркеп сүйрегiштi беруге, сондай-ақ толық керi шегiнiс жасауға дайын болуы тиiс. 28. Кемелердiң мұз арқылы жүзу уақыты мен тәртiбiн, сондай-ақ бiр мезгiлде өткiзiлетiн кемелер санын портта порт капитаны, ал теңiзде - мұзжарғыш капитаны белгiлейдi. 29. Бiрiншi кезекте әскери кемелер, жолаушылар кемелерi және жеделдiгi туралы нұсқаулар жасалған жүктерi бар кемелер, ал сонан соң мұз шетiне келу кезегiне қарай немесе порттан шығу дайындығына байланысты барлық басқа кемелер өткiзiледi. 30. Мұзжарғышқа iлесiп мұзда жүзiп келе жатқан кеменiң капитаны мұзжарғыш капитанының мұзда қозғалуға қатысты бұйрығына бағынады және соған байланысты iс-қимыл жасайды. Кеме капитаны мұз аймағынан бiрлесiп тезiрек және авариясыз өту үшiн мұзжарғыш капитанына жәрдем көрсету үшiн барлық өз iс-қимылын бағыттайды. 31. Мұзжарғыш капитанының өкiмдерiн осы мұзжарғыштың алып өтуiмен келе жатқан кеме капитаны орындамаған жағдайда мұзжарғыштың капитаны кеменi алып өткiзуден бас тартады. 32. Мұзжарғышқа iлесiп мұзда жүзiп келе жатқан кемелер мұзжарғыштар мен алып өтетiн кемелер арасындағы байланыс үшiн қолданылатын Халықаралық сигналдарды осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес мұз операциялары процесiнде пайдаланылуы мүмкiн дыбыстық және өзге құралдармен, соның iшiнде радио бойынша берiлетiн қосымша сигналдарды басшылыққа алады. Мұзжарғыш немесе басқа кеме беретiн кез келген сигналды мұзжарғышқа немесе сигнал берген кемеге жақын келген кемеден бастап жүйелi түрде соңында келе жатқан әрбiр кеме қайталайды. Осы сигналдар көмегiмен берiлетiн мұзжарғыштың талаптарын кемелер жедел орындайды. Авариялық жағдайда, керуенде келе жатқан кемелердiң қозғалыс режимiн жедел өзгерту қажеттiлiгi туындағанда, радиомен берiлген «Жүрiстi азайтыңдар», «Дереу кеменi тоқтатыңдар» және «Менiң машинам керi шегiнiске жұмыс iстейдi» деген командалар тиiстi дыбыс сигналдарымен қайталанады. 3-параграф. Кемелер қозғалысын басқаруды ұйымдастыру 33. Портқа кiреберiсте және порт акваториясында кемелер қозғалысын басқару жүзеге асырылады. Кемелер қозғалысын басқаруды Кемелер қозғалысын басқару жүйесі (КҚБҚ) немесе сәйкес порт капитанының қызметi жүзеге асырады. 34. Кемелерге қызмет көрсету мынадай кезекпен жүргiзiледi: 1) авариялық кемелер, көмек көрсету үшiн iлескен кемелер және бортында ауыр науқастары бар кемелер; 2) кесте бойынша келе жатқан паромдар мен жолаушы кемелер; 3) тез бұзылатын жүктерi бар кемелер, егер бұл жүк негізгі болса және оның салмағы басқа бірге тасымалданатын жүктер түрлерінен неғұрлым көп немесе басқа бірге тасымалданатын жүктер түрлерінен 50% астам құраса; 4) сүйретiлетiн объектiлерi бар тiркеп сүйрететiн кемелер; 5) қауiптi жүктерi бар кемелер, соның iшiнде газ-тасушы, химия-тасушы және мұнайқұю кемелерi; 6) желiлiк кемелер; 7) өтiнiмдер түсу уақытына сәйкес өзге де кемелер. 35. КҚБҚ iс-қимылы аймағында кемелер қозғалысы (аймаққа кiру, зәкiрге қою, зәкiрдi көтерiп алу, айлаққа жақын келу және арқандап байлану және қашықтау, қайта арқандап байлану және басқалары) теңіз порты капитанының өкімімен жүзеге асырылады. 36. Навигациялық орталығы: 1) КҚБҚ iс-қимылы аймағындағы кiреберiстерде кемелердi табуды, кемелермен байланысты орнату, әрбiр кеме туралы қажеттi деректер тiзбесiн алуды; 2) кемелердiң қозғалысына тұрақты радиолокациялық қадағалауды, жағдайдың шиеленiсуi немесе кемелердiң ережелердi бұзған кезде кемелерге нұсқаулар берудi; 3) КҚБҚ iс-қимылы аймағындағы қозғалысты реттеудi, кемелердiң арасындағы белгiленген жолдардың, жылдамдық пен қашықтықтардың сақталуын қадағалауды; 4) зәкiрге қоятын жерлерде кеме жағдайына радиолокациялық қадағалауды; 5) кемелерге навигациялық жабдықтар құралдарының жұмысындағы өзгерiстер туралы деректердi, гидрометеоақпарат, навигациялы-гидрографиялық ақпарат берудi (қажеттiлiк туындаған кезде, сондай-ақ сұрау салу бойынша); 6) авариялық жағдайға әкелуi мүмкiн iс-қимылдар немесе жағдайлар байқалған кезде кемелерге ақпараттар мен нұсқаулар берудi; 7) кемелердi радиолокациялық алып өтудi, онда КҚҚБ лоцман-операторы алып өтетiн кеменi қабылданған координаттар жүйесiндегi оның орналасқан орны туралы тұрақты түрде хабарлайды; 8) кемелер, жағалаулық ұйымдар мен қызметтер арасында байланыс орнатуға жәрдемдесудi; 9) КҚҚБ iс-қимылы аймағында авариялық-құтқару, су түбiн тереңдету, тiркеп сүйреу және басқа арнайы жұмыстарда жәрдемдесудi жүзеге асырады. 37. Кемелердi радиолокациялық алып өту кез келген көрiнiм жағдайында еркін түрде берілген кеменiң өтiнiмi бойынша жүзеге асырылады. Жағалаудағы радиолокациялық станциялармен (ЖРСЖ) жабдықталған барлық порттар мен каналдар, егер порт капитанының өкімімен өзге талаптар қойылмаса, 2 миль және одан төмен көзбен шолып көру кезiнде мiндеттi радиолокациялық алып өту белгiленедi. 38. Радиолокациялық алып өту тәртiбiн КҚҚБ операторы порт капитанымен алып өту басталғанға дейiн келiседi. Радиолокациялық алып өту процесiнде кемелер орталығынан ақпарат алады және оған қолданылатын iс-қимылдар туралы хабарлайды. Радиолокациялық алып өтудiң басталуы мен аяқталуын орталығы жариялайды. 39. Орындау үшiн: 1) қозғалыс кезегiне; 2) қозғалыс бағыты мен жылдамдығына; 3) зәкiрге қою орнына; 4) тiкелей қауiптiң алдын алу iс-қимылдарына қатысты навигациялық орталығының нұсқаулары міндетті болып табылады. Кеме навигациялық орталығының нұсқауларын орындау мүмкiн болмайтын барлық жағдайлар туралы, себептерi мен өзiнiң одан арғы ниетi туралы хабарлайды. 40. КҚБҚ iс-қимылдары аймағына жеткенге дейiн теңiзден келетiн кемелер осы аймақтың қозғалысын реттейтiн навигациялық орталығымен ультроқысқа толқында радиобайланыс жасайды. 41. Кеме навигациялық орталығымен бiрiншi байланыс сеансы кезiнде мыналарды: 1) кеменiң түрi, атауы мен мемлекеттік тиістілігі (туы); 2) аймаққа кiру уақытын; 3) маневр жасау режимiндегi жылдамдығын; 4) баратын портын; 5) жалпы сыйымдылығы мен өлшеу куәлiгi бойынша негiзгi өлшемдерiн; 6) нақты шөгуiн; 7) жүк түрi мен санын; 8) кеме радиолокациялық станциясының жай-күйi туралы мәлiметтердi; 9) жүзу және маневр жасау қауiпсiздiгiне әсер ететiн шектеулер туралы ақпаратты хабарлайды. 42. Навигациялық орталығының сұратуы кезiнде кеме өзiн таныту мақсатында қандайда бiр белгiнiң қасында өзiнiң орнын көрсетуге (әрбiр жеке жағдайда нақты көрсетiледi) немесе таныту маневрлерiн жасауға мiндеттi. 43. Навигациялық орталығы кемеге қозғалыс бағытын, зәкiрге тұру орнын көрсетедi, сондай-ақ басқа қажеттi мәлiметтердi хабарлайды. 44. Айлақта немесе зәкiрде тұрған кеме қозғалу басталғанға дейiн ол аймақта орналасқан навигациялық орталығымен радио немесе телефон байланысын құрады. 45. Кемелер басқа арна көрсетiлмесе, аймағында болатын навигациялық орталығының жұмыс арнасында тұрақты радиовахтаны (кезекшiлiктi) атқарады. 46. Навигациялық орталығының кемелермен радиобайланысы, сондай-ақ ағымдағы радиолокациялық ақпарат құжатталады. Жазбалар үш күн бойы сақталады. Егер авариялық оқиға мен авариялық жағдайлар орын алса, жазбалар тергеу жүргiзу аяқталғанға дейiн сақталады. 3. Кемелердiң портқа кiруi және порттан шығу тәртiбi 1-параграф. Жақындау туралы ақпарат 47. Кеменiң баратын портына жақындауы туралы ақпаратты мынадай жағдайда: кеме капитаны Қазақстан Республикасының теңiз портына келе жатқан кезде - порт диспетчерiне, порт капитанына және қажет болған кезде басқа мекенжайларға бередi. 48. Жақындау туралы ақпарат 48 сағат бұрын, екiншi рет 24 сағат бұрын берiледi және жақындап келгенге дейiн 4 сағат бұрын нақтыланады. Өту ұзақтығы кемiнде 48 сағат болғанда – жөнелту портынан шыққаннан кейiн 2 сағат шегiнде белгiленедi. Балық аулау кәсiпшiлiк флоты кемелерiнiң капитандары кәсiптi бiтiру уақытын, сондай-ақ портқа жақындау уақытын 48 сағаттан кешiктiрмей хабарлайды. 49. Кеме порт акваториясында телеграфтық және телефондық радиостанциялардан басқа, ультрақысқа толқынды радиостанциялар мен спутниктiк байланысы құралдарын пайдаланады. 50. Осы қағиданың 41 пунктінде көрсетілген мәліметке қосымша кеме капитаны (кеме иесi) жақындау туралы ақпаратта мынадай деректердi хабарлайды: 1) агент және иесiнiң атын; 2) жөнелту портын (соңғы кiрген порты, кәсiп жасау ауданы, бұрғылау қондырғысы және басқалары); 3) кеменiң басымен және артымен шөгуiн; 4) экипаж мүшелерi мен жолаушылар санын, егер болса, аурулардың санын; 5) жүк атауын, оның ерекше қасиеттерiн, фумиганттың атауын (егер жүк кемеде фумигацияға ұшыраса), жүктiң кемеде: палубада, твиндекте, трюмде (толассыз трюмдер бар болғанда – әрбiр люк бойынша) орналасуын, ұзын өлшемдi жүктердiң бiр орнының ұзындығы мен ауыр салмақта жүктердiң массасын (3 т жоғары), ал жүк тиеуге бара жатқан танкер үшiн - айлақ алдындағы балласт массасы мен балластан босату уақытын, бұрын әкелiнген жүктiң атауын; 6) жүк алушының атауын; 7) бункерге, тұщы суға, жабдықтарға қажеттiлiгiн; 8) қосымша техникалық және жөндеу операцияларын орындау қажеттiлiгiн, сондай-ақ мыналарға: льялды, балластық, шаруашылық-фекальды ағынды суларды және қатты қоқысты тапсыру үшiн жинаушы кемеге; тiркеп сүйрететiн кемелер мен тiркеп сүйреу қызметiне; мұз жаруды қамтамасыз етуге; лоцманға өтiнiм бередi. 51. Кеменiң барар мекенжайы өзгергенде капитан алғашқы баратын портқа берiлген өтiнiмдердi радиограммамен жояды. 52. Кеме капитаны өзiнiң жақындау туралы ақпаратында кеменiң жүк қондырғыларының (механизмдерiнiң) ақаулары туралы хабарлайды. 53. Порттың диспетчерлiк қызметi кеменiң арқандап байланатын орны мен тиеу-түсiру немесе басқа жұмыстардың орындау тәсiлi туралы кеменiң портқа келуiне дейiн 4 сағаттан кешiктiрмей кемеге хабарлайды. 54. Еркін түрде берілген мұз жаруды қамтамасыз ету өтiнiмiнде кiру туралы ақпаратқа қосымша мыналар: 1) су сыйымдылығы; 2) бас қозғалтқыштың үлгiсi мен қуаты; 3) мұздық сыныпталуы (мұздық бекiтулердiң бар болуы мен санаты); 4) кеменiң мұздан алып өтуiне әсер ететiн техникалық жай-күй ерекшелiктерi; 5) есу винтiнiң материалы; 6) отын, су, азық-түлiктiң бар болуы және тәулiктiк шығысы хабарланады. 55. Кемелердiң ең болмаса бiреуi газ-тасушы, химия-тасушы, мұнай құю кемесi немесе өзiнiң шөгуiмен ығысып қалған, жарылу қаупi бар жүктi таситын кеме, сондай-ақ сүйреткiш керуен болып табылса, олардың портқа/порттан бiр мезгiлдегi кiруге және шығуға жол берілмейді. 2-параграф. Келудi ресiмдеу 56. Кеменiң портқа келуi Порттың теңiз әкiмшiлiгiнде шекаралық, кедендiк, санитарлық және карантин талаптарын сақтай отырып келген сәтiнен бастап 24 сағат iшiнде ресiмделедi. Кеменiң келуi жалпы декларация, кеме рөлi мен жолаушылар тiзiмi ұсынылуы бойынша ресiмделедi. 57. Шетел кемесiнiң капитаны портқа келген кезде қосымша конвенциялық құжаттарды (теңіз көлігі саласында Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық конвенция анықтамасы, куәлігі және сертификаты) ұсынады. Капитан мемлекеттік кірістер органына тасылатын жүктерге бар коносаменттi және тасымалдау құжаттарды ұсынады. 58. Егер уәкiлеттi орган немесе басқа бiлiктiлiк қоғамы олардың техникалық жай-күйiн бақылауға жауап беретiн қондырғылар немесе жабдықтар мен механизмдер сынып, бүлiнсе кеме капитаны портқа келген бойда осы жөнiнде жазбаша хабарлайды. 59. Порт капитанының өкімі және шекаралық бақылау органдарының келісімі бойынша кеменің келуін (шығуын) ресімдеу порттың сыртқы рейдінде жүзеге асырылады. 3-параграф. Шығуды ресiмдеу 60. Кеменiң рейске шығуын ресiмдеудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады. Ресiмдеу кемеде Порттың теңіз әкімшілігі немесе басқа бiлiктiлiк қоғамы берген кеменiң жарамды техникалық және теңiзде жүзу жай-күйiн растайтын құжаттары бар болған, сондай-ақ өрттен қорғау және санитарлық-карантиндiк бақылау тарапынан кедергi болмаған кезде ғана жүргiзiледi. 61. Кеменiң теңiзге шығу дайындығын теңiз портының капитаны тексередi. 62. Теңіз портының капитаны кеменiң теңiз портынан шығуына мына жағдайларда: 1) кеме техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмесе; 2) тиеуге, жабдықтауға, экипажды жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменiң жүзу қауiпсiздiгiн, ондағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн басқа да кемшiлiктер, сондай-ақ теңiз ортасына залал келтiру қаупi болғанда; 3) кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда; 4) тиiстi мемлекеттiк органдар (шекаралық, санитарлық-карантиндiк, фитосанитариялық, мемлекеттік кірістер органдары және өзге) ұйғарым бергенде; 5) Теңiз портының мiндеттi қызмет көрсеткенi үшiн ақы, төленбегенде рұқсат беруден бас тартады. 63. Кемелердi порттан шығуға дайындағанда тексеру кезiнде айқындалған барлық бұзушылықтар мен кемшiлiктер туралы Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң өкiлi инспекциялаушы адамдардың ескертулерi және өкiмдерi журналына еркін түрде ресімделген жазба жазады және еркін түрде актi жасайды. Кеменiң шығуын ресiмдеу кезiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгi өкiлiне ескертулер жойылғаны туралы белгiлер соғылған актiнiң данасы ұсынылады. 64. Кеме капитаны теңiз портынан шығуды ресiмдеу үшiн Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң өкiлiне: 1) жалпы декларацияны немесе шығу құқығына өтiнiштi; 2) кеме; 3) конвенциялық құжаттары; 4) экипаж мүшелерiнiң дипломдары мен бiлiктiлiк куәлiктерiн; 65. Тiркеп сүйретiлетiн кеменiң шығуы онда капитан басқаратын экипаж болған кезде осы Қағиданың 69-тармағына сәйкес ресiмделедi. Тiркеп сүйретiлетiн керуеннiң шығуын тiркеп сүйрететiн кеме капитаны ресiмдейдi. Тiркеп сүйретiлетiн әскери емес кеменiң шығуын ресiмдеу кезiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгiне мыналар: 1) теңiз тiркеп сүйреулерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулық 2) өту жоспары; 3) тiркеп сүйреу желiсiнiң сызбасы мен есебi ұсынылады. Шектеулi жүзудегi кемелер мен объектiлердi теңiзде тiркеп сүйреу кезiнде конструкторлық бюро әзiрлеген және Кеме қатынасының тіркелімімен немесе өзге бiлiктi қоғам мақұлдаған конверттеу, әртүрлi конструкцияларды, тiркеп сүйреу қондырғысының бекiтпелерiн, корпусты нығайту жүйесiн және басқаларын ұсынады. Тiркеп сүйреудi ресiмдеу кезiнде, сондай-ақ тiркеп сүйреушiнiң де тiркеп сүйретiлетiн кеменiң де теңiзде жүзу жай-күйiн тексерудің еркін түрде ресімделген актiсi тiркеп сүйретуге рұқсат етiлетiн жазбамен бiрге ұсынылады. 66. Егер кеме табиғи құбылыстар немесе авариялық-құтқару жұмыстарына қатысуға теңіз порты капитанының бұй­рығы бойынша порттан шыққан болса, шығуды ресiмдеу талап етiлмейдi. Осындай кеменiң капитаны, егер мүм­к­iн болған жағдайда Порттың теңiз әкiмшiлiгiне өзiнiң қолында бар барлық құралдармен шығатыны туралы хабардар етедi. 67. Шығуға арналған рұқсат 24 сағат iшiнде күшiнде болады, ол телефон бойынша немесе ультрақысқа толқынды радиобайланыста берiледi. 68. Портта кеменi белгiленген мерзiмнен артық кiдiрген жағдайда кеме капитаны бұл туралы Порттың теңiз әкiмшiлiгiне хабарлайды және шығуды қайтадан ресiмдейдi. 69. Шығуды ресiмдеуден кейiн экипаж құрамында немесе кеменiң техникалық жай-күйiнде өзгерiстер болған жағдайда капитан бұл жөнiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгiне хабарлайды және шығуды қайтадан ресiмдейдi. 70. Осы Қағиданың 59-тармағында көзделген жағдайларда кеменiң шығуын ресiмдеу порттың сыртқы рейдiнде жүзеге асырылады. 4. Кемелердiң портта тұру тәртiбi 1-параграф. Кемелердiң рейдте тұруы 71. Егер портта КҚБҚ болмаса, кемелердi зәкiрге қою немесе тұру орнын өзгерту әрбiр жағдайда теңіз порты капитанының өкімімен орындалады, ол жөнiнде капитан порттың кезекшi диспетчерiне хабарлап отырады. 72. Кемелерде және өзге де жүзу құралдарында КҚАХЕ-72 көзделгендерден басқа навигациялық белгi болып көрiнуi мүмкiн оттарды көтеруге рұқсат етiлмейдi. 73. Зәкiрде тұрған кемелер ультрақысқа толқынды радиобайланыста радиовахтаны атқарады, арнасы 16 (156,8 МГц). 74. Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде зәкiрде тұрған кемеде штаттық сыртқы жарықтандыру қосылады. 75. КҚАХЕ-72 көзделген оттар мен белгiлерден басқа артқы жағында зәкiрмен (верптермен) бекiтiлiп, рейдте тұрған кеме тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде ақ от, ал күндiз кеменiң артқы жағында борт биiктiгiнiң жарымына дейiн зәкiр шынжырының қасында төмен түсiрiлген қызыл ту бекiтiледi. 76. Катерлер мен шлюпкаларды суға түсiру теңiз портының каптанының өкімімен ғана жүргiзiледi. Осы талап суға батқандарға көмек көрсету және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшiн кемедегi жүзу құралдарын жедел пайдалану қажет болған жағдайға жатпайды. 2-параграф. Айлақтарды кемелердi арқандап байлауға дайындау 77. Айлақ иесi кемелердiң кiруi мен шығуына айлақ дайындығын қамтамасыз етедi. 78. Айлақтарды дайындаған кезде: 1) кiретiн кеменi арқандап байлау үшiн айлақтың жеткiлiктi бос ұзындығы қамтамасыз етiледi; 2) қалыпты арқандап байлауға (арқаннан босатуға) кедергi болатын жүктер мен басқа заттардан айлақ кордоны босатылады; 3) арқандау (арқаннан босатуға) бойынша жұмыстар жүргiзiлетiн айлақтың кордон маңының бөлiгi мұз бен қардан тазартылады және барлық ұзындығы бойына құм шашылады; 4) кордон маңының крандары шығарылады; 5) арқандап байлау айлағында барлық көлiк түрлерiнiң жұмыстары мен қозғалысы тоқтатылады; 6) тәулiктiң қараңғы уақытында айлақтың толық жарықтандыру жүйесi қосылады. Кеменiң арқандап байланатын орны, яғни форштевтiң тұрған жерiн айлақ иесiнiң өкiлi былай көрсетедi: күндiз - қызыл тумен, түнде - қызыл отпен. 79. Кеме капитаны арқандап байлауға дейiн порт диспетчерiнен айлақтың жай-күйi, бос кiреберiс өлшемi туралы, айлаққа кiреберiстегi және оның бойындағы тереңдiк туралы ақпарат алады. 3-параграф. Кемелердi арқандап байлау 80. Кеменi айлаққа арқандап байлау үшiн айлақ иесi осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетiлген есептi негiзге алып саны кеменiң жалпы сыйымдылығына байланысты болатын арқандап байлаушыларды бөледi. Кеменi айлақта тұрған кеме бортына арқандап байлау кезiнде соңғысы өз экипажының күшiмен өз бортының кранцты қорғалуын қамтамасыз етедi және кемеге лақтыратын арқан ұштарын қағып алады. Жағалаудағы арқан ұштарын қағып алуды айлақ иесi қамтамасыз етедi. 81. Шағын көлемдi кеме айлаққа теңiз портының капитанының өкімімен ғана арқандап байланады. 4-параграф. Кемелердiң айлақта тұруы 82. Кемелердi айлақ жанында орналастыру порт диспетчерлерi Порттың теңiз әкiмшiлiгi өкілінің келiсiмi бойынша, ал бортта жарылу қаупi бар немесе жеңiл тұтанатын жүктер болса порттың өрттi қадағалау кезекшi инспекторының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Кемелер арасындағы қашықтық кемiнде 10 метр болады. 83. Кемелер мен порттық жүзбелi құралдарды өрт пирстерiне қоюға рұқсат етiлмейдi. 84. Айлақ жанында борты бортына тiрелiп (лагымен) тұратын кемелердiң жеткiлiктi саны әрбiр нақты жағдайда теңіз порты капитанының өкімімен белгiленедi. Осындай тұруға екi кеменiң капитандары келiскен кезде өндiрiстiк қажеттiлiк жағдайларында теңіз портының капитаны рұқсат бередi. 85. Бункерден бункерге тiркеп сүйрейтiн кемелердi жiберу операцияларын қоспағанда, бiреуiнiң бортында жарылыс қаупi немесе жеңiл тұтанатын жүктерi бар, бiр-бiрiне лагымен арқандап байланған екi кеменiң тұруына рұқсат етiлмейдi. 86. Айлақ жанында арқандап байланған кеменiң капитаны су бетiнiң, айлақ пен су түбiнiң ластануы мен қоқыстануын болдырмау, сондай-ақ траптар ауданындағы жерлердi қар мен кiрден тұрақты тазалауды ұйымдастыру үшiн барлық шараларды қабылдайды. 87. Порт кемеде жиналған ластанған сулардың және тұрмыстық қалдықтардың кез келген түрiн қабылдауды қамтамасыз етедi. 88. Қатты ажыратылған мұнай өнiмдерiнiң қалдықтары, майланған шүберектер, қоқыс, ұсақ ыдыстар, техникалық, тағам және басқа тұрмыстық қалдықтар өтiнiм бойынша кемеден порт ұсынған арнайы ыдыспен шығарылады. 89. Портта айлақ маңында тұрған кемеде салқындату суының құю шпигаттарын арнайы қалқандарымен жабу, ал борт сыртына шығарылатын пайдаланылған буларды қосымша құбырлармен суға жiберу қажет. Қалқандар кеме айлаққа келгенге дейiн орнатылады. 90. Айлаққа кемеден берiлетiн түскiштер мен траптар берiк бекiтiледi және тұтқалармен немесе леерлермен, басқыштар ауданында жiбi кемiнде 30 м болатын құтқару шеңберiмен жабдықталады. Траптар мен басқыштар алаңшаларында адамдардың суға құлауын болдырмайтын қоршағыш торлар тартылады. Тәулiктiң қараңғы уақытында траптар (басқыштар) жарықтандырылады. 91. Кеме жөндеу зауытының капитаны жөнделетiн кемелер мен жүзу құралдарының қауiпсiз тұруын ұйымдастырады. 92. Айлақта тұрған кемеде тәулiктiң қараңғы уақытында сыртқы жарықтандыру, сондай-ақ КҚАХЕ-72 сәйкес оттар қосылады. Сұйық отыны бар танкер мен бункерлеушi, егер оның жүк танкерi жүк қалдығы мен газдан тазаланбаса, жоғарыда аталған оттардан басқа, бүкiл көкжиектен көрiнетiн, кемiнде 2 миль көрiну ұзақтығымен, неғұрлым көрiнетiн жердi бiр қызыл от, ал осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес портқа кемелердiң кiруi мен порттан шығуын реттейтiн сигналдарға сәйкес күндiз – Халықаралық сигналдар жинағы бойынша В (Браво) туын көтередi. 93. Айлақта тұрған кемеде оның мөлшерi мен ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан басқыш алдында вахта (кезекшi) қойылады. Вахталық қызмет Порттың теңiз әкiмшiлiгi телефондарының нөмiрлерiмен қамтамасыз етiледi. 94. Айлақта арқандалған кеме, егер абонентпен жағалаулық телефон желiсiмен байланысу мүмкiн болмаса, спутниктiк немесе ультрақысқа толқын радиобайланысын пайдаланады. 95. Бас қозғалтқыштардың, руль, зәкiр және арқанды қондырғылардың iстен шығуына байланысты кеме жұмыстары, сондай-ақ борт сыртында шлюпкадан немесе басқа жүзу құралдарынан iстелетiн жұмыстар тек теңіз порты капитанының рұқсатымен орындалады. 96. Авариялық кемеге жақын тұрған немесе оның жанынан өтетiн кемелер адамдарды, кеменi, жүк және басқа мүлiктердi құтқару жөнiнде шаралар қабылдайды. Бұл iс-қимылдарды құтқару үйлестiрушi орталығы, ал ондай болмаған жағдайда Порт теңiз әкiмшiлiгiнiң өкілі үйлестiредi. 97. Экипаждың оларда тұрақты болуы үшiн бейiмделмеген шағын көлемдi кемелердiң иелерi кемелердiң тәулiк бойғы күзетi мен олардың тұрағын қадағалауды қамтамасыз етедi. 98. Жүк операциялары кезiнде кеменiң 5 0 аспайтын бiр жағына қисаюына рұқсат етiледi. Жүк жұмыстары әрбiр қайта тиеу тетiктерi үшiн паспорт деректерiне сәйкес жел жылдамдығы артық болған кезде жүргiзiледi. Айлақтың жанында тұратын кемелерге борттан тыс жүк крандарын, жебелердi, траптарды, шлюпбалкаларды және кемеде немесе айлақта жүк операцияларына кедергi жасайтын басқа да заттарды ұстауға рұқсат етілмейді. 5-параграф. Тұру орнын ауыстыру 99. Тұру орнын алдағы ауыстыру туралы порттың кезекшi диспетчері кеме капитанына жұмыс уақытында, егер теңіз портын капитанының өкімімен өзге мерзiмдер белгiленбесе 2 сағаттан кешiктiрмей хабарлайды. 100. Кеме орнын ауыстырған және басқа кеменiң бортына үстiнен арқандап байланған жағдайда, онда соңғы кеме бұл жөнiнде ауысу басталарға дейiн кемiнде 1 сағат бұрын ескертiледi. 101. Кеменi бiр айлақтан басқасына ауыстыру немесе оны айлақтан рейдтке апару кемеде капитан немесе кеме капитанының аға көмекшiсi болған кезде жүргiзiледi. 102. Айлақ бойы кеменi алдағы қайта тарту жағдайында, оған басқа кемеден әкелiнген арқандар, бұл жөнiнде басқа кеме капитанының вахта көмекшiсiне хабарланғаннан кейiн берiледi. Егер арқандарды беру кезiнде олар басқа кеме арқандарымен қыстырылып қалса, басқа кеменiң вахта қызметi өзiнiң байлау арқандарын осы уақытқа босатады. 6-параграф. Дауыл кезiндегi iс-қимылдар 103. Порттың теңiз әкiмшiлiгi ауа райының күрт бұзылатыны туралы деректер алысымен порт акваториясындағы кеме иелерiнiң диспетчерлiк қызметiне және порт айлақтарында тұрған барлық кемелердiң капитандарына жедел хабарлайды. 104. Кеме капитаны дауыл туралы ескерту алған кезде немесе ауа райы нашарлауының анық белгiлерi болған кезде кеме қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды. 105. Теңіз портының капитаны дауыл туралы ескерту алысымен порттың диспетчерлiк қызметiне дауыл кезiнде порттан шығуы тиiс кемелердiң тiзiмiн, сондай-ақ портта қалатын кемелердiң қолайлы жабық жерлерде орналасуын ескере отырып, тұруға көшуiн хабарлайды. Бiр мезгiлде кеме капитандарына, Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне және диспетчерлiк қызметке портта қалған кемелер мен жүзу құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi iс-шаралар жүргiзу туралы нұсқаулар бередi. 7-параграф. Қыстау және портта қазықта тұру 106. Кеме иесiнiң немесе кеме капитанының еркін түрде өтiнiшi бойынша кеменiң қысқы тұру, жөндеуге немесе қазықта тұру мүмкiндiгi туралы шешiмдi әрбiр жағдайда порт иесі қабылдайды, онда әрбiр кеме бойынша мыналар көрсетiледi: 1) үлгiсi, атауы, тiркеу нөмiрi, ұзындығы, енi және шөгуi; 2) тiркелген порты; 3) портта қалаған тұру орны; 4) капитанның немесе жауапты адамның тегi; 5) кемеде қыстап қалатын экипаж мүшелерiнiң немесе кемеде тұратын күзетшiнiң тектерi; 6) команданың (күзетшiлердiң) вахта қызметiн жүргiзу тәртiбi мен кезекшiлiк кестесi; 7) кеме иесi мен капитанның мекенжайлары; 8) кемелердi орналастыру схемасы. Өтiнiшке кемеде өртке қарсы iс-шаралар жүргiзiлгенi туралы теңіз портының қорытындысы қоса берiледi. Бiрнеше кемелер қыстаған кезде кеме иесi керуен қалыптастырады, керуеннiң барлық кемелерiнiң тұру қауiпсiздiгiне жауапты керуен капитанын тағайындайды. 107. Кеме капитаны қыстау портынан шыққан жағдайда, ол жоқ кезеңде кемеге және экипажға жауапты адам туралы теңіз порты капитанын хабардар етедi. 108. Қыстауға қойылған кемелерде кеме иесi әзiрлеген, бекiткен және теңiз порты капитанымен келiсiлген кеменiң тұрақта тұруы кезеңiнде кеме қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар жоспары болады. 109. Құйылма кемелерiн тұраққа қою алдында танкiлер мен сорғы бөлiмшелерiн толық тазалау және газдарынан желдету орындалады. 110. Қыстайтын кемеде сұйық отын қоры порттың өрттен сақтандыру күзетiнiң рұқсатымен ғана қалдырылады. 111. Тұру кезiнде кемелер теңіз портының өртке қарсы қауіпсіздік қызметімен және Порттың теңiз әкiмшiлiгiмен байланыспен қамтамасыз етiледi. 5. Кемелер жүзген және тұрған кезде порт акваториясындағы құрылыстардың қауiпсi